13.02.2017, 06:22

Г.Бердімұхамедов 97,69% дауыспен президенттік сайлауда жеңіп шықты

Түркіменстанда президенттік сайлау аяқталып, қорытынды нәтижелер жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Гурбангулы Бердімұхамедов 97,69% дауыс жинап, қайта елдің президенті болып сайланған.

Бердімұхамедовпен бірге президенттің "тағына" тағы 8 үміткер дәмелі болған еді. Алайда, олардың барлығы жабылып жүріп 3 пайыз да дауыс жинай алмаған. Ал, саяси сарапшылар болса сайлаудың нәтижесі алдын ала белгілі болғанын айтады. Тек, Бердімұхамедовтің нақты қанша дауыс жинайтыны ғана оларды қызықтырған.

Ал, халықаралық құқық қорғау ұйымдары осынау саяси науқанның әділетті өткеніне сенбейді. Азаттық радиосының тілшілері сайлау учаскелерінде болып, бюллетеньдердің тек бір адамның ғана атына толтырылып жатқанын байқаған. Сондай-ақ, сайлаушылардың ресми деректерде келтірілгендей көп еместігін де радио журналистері мәлімдеп отыр.