Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші нидерландылық Таллон Грикспормен бірге іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Қазақстандық-нидерландылық дуэт әуелі америкалық Маркос Гирон – филиппиндік Трет Хьюиді тартысты матчта тізе бүктірді – 5:7, 7:6 (8:6), 10:8.
Іріктеу сайыстарының финалында Бублик – Грикспор үндістандықтар Анируд Чандрасекар – Виджай Сундармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыластары қарымта қайырды – 6:4.
Дегенмен супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша, олар негізгі турнирге өтті.
Сонымен, А.Бублик Вашингтон ATP 500 жарысында жекелей және жұптық сында бақ сынайды.