16.02.2017, 05:54

Алдағы 3 жылда Алматы облысына қытайлық компаниялардың жаппай келуі күтілуде

Алдағы екі-үш жылдың ішінде Алматы облысында қазақстандық-қытайлық ауқымды 12 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олардың қатарында Шелек дәлізіндегі жел электр стансысы, құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік кәсіпорын және Талдықорған-Өскемен арасындағы автожолды жаңғырту жұмыстары бар.

Бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұрат мәлім етті.

Брифинг барысында басқарма басшысы өткен жылы атқарылған  жұмыстарға тоқталды. Мәселен, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында Алматы облысының сыртқы сауда тауар айналымы 1400,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт 290,5 млн, ал  импорт 1110 млн. АҚШ долларына жетті. Жалпы Алматы облысы әлемнің 108 мемлекетімен сауда-саттық жүргізеді. 41 мемлекетке тауар сатылса, 83 мемлекеттің өнімі әкелінеді.