$ 439.4  473.54  4.76

Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Фото: t.me/Kzgovernment
Фото: t.me/Kzgovernment

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры.

2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары