$ 443.44  480.51  4.88

Астанадағы «Шабыт» ғимаратының сүрілетіні рас па?

Енді Қазақ ұлттық өнер университеті Абай, 47 мекенжайында орналасқан ғимаратқа көшті.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақ ұлттық өнер университеті әлеуметтік желіде тараған «Шабыт» сарайының видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фейсбукта "Шабыт" ғимараты не болып жатыр деген сауал бар екен. Оған Мәдениет және спорт министрлігінiң баспасөз хатшысы Abdualieva Moldir ресми жауап берген. Сонда да халық құлағдар болсын, жаңа оқу жылының басталуына аз қалды, мен де жазайын. "Шабыт" шығармашылық сарайы күрделі жөндеу жұмыстары үшін екі жылға жабылды. Енді Қазақ ұлттық өнер университеті Абай, 47 мекенжайында орналасқан ғимаратқа көшті. Бұрын бұл "Intercontinental " қонақ үйі болатын. Кейін Астана қаласының Полиция департаменті осында отырды. Одан кейін ковидпен ауырғандарды сонда "салды". Енді бұл ғимаратта "Астана" медицина университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті болады, - деп жазды Riza Almukhan Facebook-тегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары