$ 439.4  473.54  4.76

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аида Ғалымқызы 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.   

1999-2002 жж. – Алматы облыстық Ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы. 

2002-2004 жж. – Алматы қалалық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы. 

2004 жылдың қаңтар-қыркүйегі - Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы.

2004-2005 жж. –  Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасы басшысының орынбасары. 

2005-2006 жж. – Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 

2006-2008 жж. – Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры. 

2008-2010 жж. – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы.  

2010-2014 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 

2014-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылдың 22 шілдесінен -  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2020 жылдың 4 мамырынан – Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2021 жылдың 11 ақпанынан бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары