$ 443.35  475.54  4.82

Ринат Зайытов: Мемлекеттік қызметтегілерден жанашырлық байқамаймын (ВИДЕО)

Өзгеріс болмаса екен деп отырған адамдар сияқты, істегісі келмейтіндер өте көп.

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында Президент тапсырмаларының орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, өкінішке қарай, Президент Жолдауындағы тапсырмалар толық орындалып жатқан жоқ.

Толық орындалып жатыр деп өтірік айтуға болмайды. Керісінше, қазір Президенттің тапсырмалары ары кетсе, 30-40%-ға орындалуға енді ғана жақындап жатыр. Бұл - өте үлкен өкініш. Президент алғашқы Жолдауында да, осы жолғы Жолдауында да көп жақсы бағыт-бағдар, мақсаттар қойды. Керемет бастамаларды айтады. Ал орындалуына келген кезде... Астанадан тапсырмалар беріледі, ол өңірлерге барғанда мүлдем өзгеріп кетеді. Облыстарда өздерінің қожайынсымақтары бар. Бәрі қалай болса - солай. Мемлекеттік қызметтегі жауапты адамдардың жүректеріндегі жанашырлықты байқамаймын. Керісінше, өзгеріс болмаса екен деп отырған адамдар сияқты, істегісі келмейтіндер өте көп, - деді Ринат Зайытов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары