01.03.2017, 06:26

Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша келіп түскен 6 мыңнан астам ұсыныстың көбі 26-бапқа қатысты - Ә.Жақсыбеков

Жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбеков Президентке қазақстандықтардың Конституцияға ұсынған негізгі өзгерістері жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жақсыбековтың айтуынша, қазақстандықтардан алты мыңнан аса ұсыныс келген. Олар Конституцияның 98 бабының 63 бабына қатысты мәселелерді қозғап жатыр. Ол баптар негізгі заңның барлық бөлімін қамтиды. Ұсыныстар әр түрлі, тек жобалармен тоқтап қалған емес. Осылайша қазақстандықтар ұсынған өзгерістер бірнеше блокка бөлінді.

"Мемлекет басшысының өкілеттігі туралы бөлімге қатысты 40-тан аса ұсыныс келді. Парламент өкілеттігі жайлы 88 ұсыныс келіп түсті. Жалпы қазақстандықтар Парламент жұмысын күшейту мәселесін қолдап отыр", - деді Жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбеков.

Сондай-ақ, Жақсыбеков Парламенттік республикаға көшу туралы ұсыныстардың болғанын айтып өтті. Кейбір азаматтар Парламентті құру тәртібін өзгертуді ұсынып жатыр. Олардың айтуынша, Парламентті екі палата емес, бір палата етуге болады.

"Депуттатық корпустың талаптарын күшейту ұсынылды. Олар депуттарға бірнеше рет сайлауға түсу мүмкіндігін беруді ұсынып отыр. Үкіметтің жұмысы жайлы айтатын болсақ, қазақстандықтар үкіметтің Парламентке есеп беруге міндеттілігін күшейтуді ұсынады. Сондай-ақ, бұл жерде шешімдердің Мәжіліс және Сенатпен келісімге келу арқылы қабылдану керектігі айтылады. Және үкіметтің тек Мәжіліс алдында емес, сондай-ақ, жалпы Парламент алдында есеп беру қажеттілігі туралы ұсыныстар келді", - деді Жақсыбеков.

Ал, конституциялық кеңеске қатысты ол 18 ұсыныстың келгенін айтты. "Конституциялық кеңесті құру тәртібін өзгерту, сондай-ақ, Конституциялық сотты қайта құру туралы ұсыныс түсті. Ал ең көп - 2148 ұсыныс құқық қорғау және сот органдарының жұмысы жайында болды. Онда судьяларға деген талаптарды күшейту туралы, заңгер мамандығының еңбек өтілі мерзімін ұзарту туралы айтылды", - деді Жұмыс тобының басшысы.

"Адвокаттардан да көп ұсыныс түсті. Олар адвокаттардың өкілеттігін арттырып, айыпталушылар құқықтарының кепілін арттыру, соттың санкциясы болмаған кезде қамау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа қысқарту", - деді Жақсыбеков.

Мәслихаттар мен жергілікті басқару органдары назарсыз қалмады. Атап айтқанда азаматтар депутаттарға жас бойынша шектеу қойып, қайта сайлануға шектеу қоюды ұсынды. Сонымен бірге, әкімдерді халық тағайындау мүмкінідігі жайы да сөз етілді.

"Сұрақтардың көбі Конституцияның 26-бабына өзгерту енгізуге қатысты екенін айта кетейік. Бұл мәселе бойынша ашық пікірталас болды - түрлі пікір болды. Азаматтардың бір бөлігі өзгеріс енгізуге жақсы баға берді, ал көпшілік өзгеріске қарсы. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің рөлін күшейту мен ағылшын тіліне ресми сатус беру және этникалық қазақтарды қабылдау тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныстар болды", - деп атап өтті ол.

Өлім жазасына қатысты ұсыныстар түскен. Жақсыбековтың сөзінше, бұл жазадан толық бас тарту мен оны қолдану керек жағдайларды арттыру керек деген түрлі пікірлер айтылды. Жұмыс тобы барлық ұсыныстарды жіті зерттеді. Жалпы жұмыс тобы 4 отырыс өткізіп, ресформаның түрлі аспектілерін талқылады. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдардың сарапшылары мен шетелдік мамандар тартылды.

"Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы бүгін Конституцияға өзгеріс енгізу жобасы сіздің қарауыңызға беріледі. Мұнда жалпы халықтық талқылау қорытындылары ескерілді. Конституциялық реформалар жобасы біздің ақылымыз бен нұсқауларымыз бойынша аяқталды. Біздің басты мақсатымыз президент реформасын сақтау және мемлекеттік билік жүйесінің тұрақтылығын қамтамассыз ету болды. Алдымен 40 өкілеттілікті өткізу ұсынылған, дегенмен, Елбасының 35 өкілеттілігі қайта бөлініп берілетін болды. Соның ішінде, экономика, қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, әкімшілік-аймақтық құрылым мәселелерін шешуге қатысты өкілеттіктер", - деп аяқтады жұмыс тобының жетекшісі.