$ 494.87  520.65  4.91

«Халық біздің шенеуніктер қазақтың мүддесін Қытайға сатып жібере ме деп қорқады» – Мәжіліс депутаты

Біз көршілермен жұмыс істеп, серіктес болуымыз керек, басқа амалымыз жоқ.
Фото: Ермұрат Бапидың фейзбук парақшасынан
Фото: Ермұрат Бапидың фейзбук парақшасынан

Қазақстандық азаматтар биліктегі жемқорлардың кесірінен Қытаймен байланысуға қорқады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазір Қытай мен Қазақстанның экономикалық байланысынан халық қауіптенетін көрінеді.  

Әрине, қазақстандықтардың Қытайға қатысты белгілі бір фобиясы бар, сондықтан біз Қытайдан келетін барлық жобалар мен инвестицияға сақтықпен қараймыз. Біздің халқымыздың оған неліктен алаңдайтынын түсінуіміз керек, мұның бәрі сыбайлас жемқорлықтың кесірінен. Халық біздің шенеуніктер қазақтың мүддесін Қытайға сатып жібере ме деп қорқады. Бұл сондай-ақ саяси хабарының нашарлығы аясында орын алады. Біз көршілермен жұмыс істеп, серіктес болуымыз керек, басқа амалымыз жоқ, - деді Ермұрат Бапи.

Мәжілісмен бұдан бөлек, елді экономикалық дағдарыстан үш сала құтқаратынын айтты. Олар: көлік инфрақұрылымын, құрылыс пен өнеркәсіп. 

Осы орайда, Қытайдың осы салаларға инвестициясына оң көзқараспен қарау керек, – деді депутат. 

Ал ЖСДП депутаты Асхат Рахымжанов болса, Қазақстан қазірдің өзінде Қытаймен өте тығыз қарым-қатынаста. 

Көптеген мұнай барлау компаниялары қытайлық компаниялар. Қытай біздің басшылыққа экономикалық қысым жасау арқылы өз еркін айта алады деп ойласаңыз, қателесесіз. Өйткені бізде өзара тиімді ұстанымдар бар. Қазақстанға жаңа технологиялар мен инвестиция қажет, ал Қытайға біздің өнімдеріміз керек, – деді депутат.

Еске салсақ, қазір ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-да ресми сапармен жүр. Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасының басталғанына 10 жыл толуына орай, 140 елдің басшылары мен өкілдерін Бейжіңге шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары