$ 439.4  473.54  4.76

Астанада жол апаты болып, жеңіл көлік аударылып қалды

BMW жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлік құралына жол бермеген.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Астанада жол апаты болып, салдарынан жеңіл көлік бүйіріне аударылып қалды. Жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарап кетті. Кадрларда Toyota бүйіріне аударылып, сары түсті BMW көлігі жол ортасында тұрғанын көруге болады.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Керей, Жәнібек хандар және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған.

Елордалық полицейлер ЖКО дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, онда 27 жастағы BMW жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлік құралына жол бермеген және Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деді полиция тілшіге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары