$ 442.05  474.14  4.74

«Тауар түгілі, тас та жоқ»: Мейрамбек Беспаевтың жарнамасына алданған халық шу шығарды

Гүлзира Айдарбекова сияқты жарнама жасаймын деп беделіңді түсірдің.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Халық сүйіктісіне айналған әнші Мейрамбек Беспаевтың жарнамасына сеніп, алданған халық қаражатты қайтаруын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде “Қытайдан тауар әкеліп беремін” деп халықтан ақша жинап алған Арайлым Қожамұратоваға іздеу жарияланды. “Бизнес бастауға 700 миллионға жуық қаражат бердік” деген халықтың қарасы көп. Ең қызығы “Айс Мұратова” деген лақап атпен танылған блогер-сатушыны жарнамалаған Мейрамбек Беспаев болып шықты. Кейбір жәбірленушілер “Мейрамбекке сеніп едік” деп сан соғып қалды. Әншінің өзі видео арқылы блогердің игі істер жасап жатқанын айтқанын көруге болады, деп жазады Stan.kz.

Айс Мұратова қарындасым, айналайын, амансың ба? Денің сау болсын! Бақытты ғұмыр кеш. Көптеген игі-іс жасап жатыр екенсің, Алла берекесін берсін! Сауапқа кенеле бер!, – деп “тілек” жолдады. 

Видеоның астына желі қолданушылары Мейрамбектің де “жерден алып, жерге салып жатыр”. “Гүлзира Айдарбекова сияқты жарнама жасаймын деп беделіңді түсірдің”, “Алаяқтықты қолдап жарнама жасағаны үшін жазаға тартып, жауап алынуы керек”, “Мейрамбекті де қайырымдылық шарасы деп өтірік алдаған”, “Жарнамаңа қанша теңге алдың?” деген пікірлерді оқып тауысу мүмкін емес.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары