$ 442.05  474.14  4.74

Президент Виктор Орбанды «Достық» орденімен марапаттады

Президент Мажарстан Премьер-Министрінің қос халықтың ынтымағы жолында сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сіз Қазақстанда көрнекті саяси көшбасшы, уақыт сынынан өткен, әлемдік аренада үлкен құрметке лайық дос ретінде танымалсыз. Осыған байланысты сіздің қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға ұдайы қосып келе жатқан үлесіңізді және көрнекті басқарушылық қабілетіңізді жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Көп жағдайда сіздің қалтқысыз күш салуыңыздың, мызғымас жеке ұстанымыңыздың арқасында екі арадағы әріптестіктің келешегіне үлкен оптимизммен, тың талпыныспен қараймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада.

орбан мажарстан

Фото: Ақорда

Президент Мажарстан Премьер-Министрінің қос халықтың ынтымағы жолында сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

Сізді І дәрежелі „Достық“ орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — терең құрмет пен ізеттің, тату халықтарымыздың бірлігінің, қарым-қатынасымызды нығайтуға деген берік ынтаның, өзара құрметке құрылған сенімнің символы, — деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары