$ 441.66  475.14  4.86

Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді

Түркия басшысы 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитіне қатысады.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мінген ұшақ Астана әуежайына қонды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Түркия делегациясының борты Түркияның алқызыл туымен безендірілген. Жақында ғана Түркия Республикасының 100 жылдығы тойланған еді.

Р. Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алуға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов арнайы барды. Түркия көшбасшысына қызыл шоқ гүлдер табыс етілді.

Қазақстан Премьері мен Түркия басшысы әуежайда сөйлесті және арнайы көлікпен Р. Ердоған әуежайдан шықты.

Түркия басшысы 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитіне қатысады. Мерейтойлық кездесуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын 16 наурызда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті барысында шақырған болатын.

Бұл жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-дағы бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары