$ 495.2  522.34  4.94

Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы келді

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан Үкіметінің жазуынша, бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген.

Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары