03.11.2023, 17:00

Ердоған түркі елдерінің ортақ әліпбиін жасауды ұсынды

Фото: Pixabay

Түркия президенті жаһандық дағдарыстарға қарсы тұру үшін түркі елдерінің бірге болуы керектігін баса айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдерінің біртұтас әліпбиін жасауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті барысында түркі елдері барлық мәселелерде, соның ішінде гуманитарлық салада да ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты. Түркия президентінің айтуынша, түркі елдері арасындағы байланысты нығайту мәселесінде тіл мәселесі маңызды.

Бірлігіміз үшін ортақ әліпби сияқты тілдің де маңызы зор. Президенттердің қолдауы да өте маңызды. Біздің жоғары білім беру кеңесі ұйымдардың хатшылығына өз ұсыныстарын берді. Бұл жоғары бағаланады деп үміттенеміз, - деді Ердоған саммит барысында.

Түркия президенті жаһандық дағдарыстарға қарсы тұру үшін түркі елдерінің бірге болуы керектігін баса айтты.

Сонымен қатар ол Палестина дағдарысы туралы сөз қозғап, Түркия "адамдардың дініне қарамастан елдердегі бейбітшілікті жақтайтынын" айтты.