$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

Сессия қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты, деп хабарлайды kifnews.kz ақпарат порталы.

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар,  Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сессия қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Беларусь тарапына және Александр Лукашенкоға ризашылық білдірді.

Президент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйым аясында ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайтуға еліміздің елеулі үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.

Бірінші, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның құрылымдарымен арада қалыптасқан ықпалдастық деңгейін сақтауға баса мән беруді ұсынамыз. Бұл жұмыс 2010 жылдың 18 наурызында ҰҚШҰ мен БҰҰ хатшылықтары арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде жүргізіледі. ТМД мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді құптаймыз. «ҰҚШҰ-ның ТМД-мен және ШЫҰ-мен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі практикалық шаралар» атты құжатта оның нақты қадамдары айқындалған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде жүзеге асыру үшін айқындалған басымдықтар жуық арада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге жолданатынын айтты. Мемлекет басшысы Ұйымға мүше елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту және оны одан әрі дамыту үшін кешенді жұмыстар жалғаса беретініне сенім білдірді.

Сессия қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары