Ол БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжан астанасы Бакуге барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысады.
Қазақстан президентін әуежайда Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.