15.12.2023, 15:20

Президент BI Group холдингінің еншілес кәсіпорнын аралады

Фото: Ақорда

Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды. 

Темірбетон конструкцияларын шығаратын MODEX Astana зауыты 2020 жылдан бері жұмыс істеп тұр және онда 360 адам еңбек етеді. Жобаның құны – 16 млрд теңге, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары қолданылады.

Фото: Ақорда

BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, модульдік үйдің құрылысы әртүрлі ғимарат салу уақытын едәуір қысқартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуына ықпал етеді.

Фото: Ақорда

Аталған технологияны үйлердің, коттедждер мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу барысында да қолдануға болады.

Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды.