Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Inbusiness.kz жазуынша, The Wall Street Journal бұған дейін "Путиннің оң қолы Пригожиннің көзін қалай жойды" деген мақала жариялаған болатын. Онда, атап айтқанда, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "Вагнер ЖӘК" көтерілісі кезінде "Евгений Пригожинді шегінуге көндіру үшін біраз жерге телефон соққаны” айтылған.
Сондай-ақ, басылым Патрушевтің Қазақстан мен Беларусьқа да телефон соққанын, ал Астанамен жоспары егер әскер вагнерліктерді тоқтата алмаса көмекке келеді деп күткен. Бірақ Тоқаев бас тартты, Лукашенко көмектесуге келісті, - делінген мақалада.
Алайда Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деді президенттің баспасөз хатшысы.