$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz

Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.

Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары