Талибанды Қазақстандағы тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы мәселе халықаралық қоғамдастықта үйлестірілуі тиіс екендігі атап өтілген.
Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров ҚазАқпарат-қа берген сұхбатында айтқан. Смадияровтың сөзінше, Қазақстан өзектендіру мақсатында Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізіп отыратынын атап өтті.
Аталған үдеріс аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, "Талибан қозғалысын" тізімнен шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында өткен қазақстандық-ауған форумы қарсаңында Талибанды Қазақстанның мойындауы туралы әңгіме қозғала бастаған, ол кезде бұл сұрақ СІМ өкілдеріне қойылған еді.
Талибанды Қазақстандағы тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы мәселе халықаралық қоғамдастықта үйлестірілуі тиіс екендігі атап өтілген.