17.01.2024, 16:40

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: astanatv.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Өкімге қол қойды.

 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.