08.08.2014, 09:20

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына 79 үміткер ұсынылды

Сурет: news.headline.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, 1-қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына 79 үміткер ұсынылды, деп хабаралайды «Қазақпарат»

ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәліметінше, Ақмола облысы бойынша - 6 адам, Ақтөбе облысы бойынша - 6 адам, Алматы облысы бойынша - 5 адам, Атырау облысы бойынша - 4 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 4 адам, Жамбыл облысы бойынша  - 5 адам, Батыс Қазақстан облысы бойынша -  4 адам, Қарағанды облысы бойынша -  6 адам, Қостанай облысы бойынша - 4 адам, Қызылорда облысы бойынша -  5 адам, Маңғыстау облысы бойынша - 5 адам, Павлодар облысы бойынша - 5 адам, Солтүстік Қазақстан бойынша - 5 адам, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша -  5 адам, Астана қаласы бойынша - 5 адам, Алматы қаласы бойынша - 5 адам ұсынылған.

Бұның ішінде 14 үміткер мәслихат ұсынса, 65-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Ұсынылғандардың 4-еуі әйелдер.

— Барлық ұсынылған кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтуде. Сонымен қатар, депутаттыққа кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер тиісті мәслихаттар депутаттарының кемінде он пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Бұл қолдау мәслихаттар депутаттарының тиісті қолдар санын жинау арқылы куәландырылады. Сонымен бірге, таңдаушылардың әрқайсысы тек бір ғана кандидатты қолдап қол қоюға құқылы. Мәслихат депутаттарының қолы Сенат депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін сот шешімінің негізінде ғана қайтарып алынады», — деді В. Фоос.

Тоқтала кетейік, сенатор болуға үміткердің жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі бес жылдан кем болмайтын, сондай-ақ соңғы 10 жыл бойы еліміздің аумағында, ал соңғы 3 жыл бойы өзі дауысқа түсетін өңірде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет. Сонымен қатар, Сенат депутаттығына үміткер тиісті облыстағы мәслихат депутаттарының 10 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Екіншіден, ұсынылған үміткерлердың әрқайсысы Орталық сайлау комиссиясының арнайы шотына депозит ретінде 300 мың теңгеден кем болмайтын сайлау жарнасын енгізуі тиіс.