Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.