06.02.2024, 11:40

Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

Фото: Ақорда

Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.