07.02.2024, 09:40

Бүгін жаңа Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақорданың баспасөз қызметі 5 ақпанда таратқан ресми мәліметте кеңейтілген отырыс Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындайтыны айтылды.