$ 443.37  474.49  4.83

Мәжілісте депутат Шүкіжанованың орнына кім келгені белгілі болды

2024 жылғы 24 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Respublica партиясынан бұрынғы депутаты Динара Шүкіжанова өз бастамасымен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Фото: respublica-partiyasy.kz
Фото: respublica-partiyasy.kz

Айтуар Қошмамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Respublica партиясының елордалық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің 5-ші отырысы өтті. Өткен жылғы жұмыстың қорытындылары қаралып, ағымдағы кезеңге жоспарлар белгіленді.

Respublica партиясы Орталық кеңесінің қаулысымен Айтуар Қошмамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты ретінде ұсынылды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласындағы партия филиалының төрағасы қызметін атқарған.

1986 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Халықаралық құқық маманы (Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби, бакалавриат), Құқықтану (Экономика және құқық Академиясы мамандығы бойынша, магистратура). Прокуратура органдарында жұмыс істеді, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 24 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Respublica партиясынан бұрынғы депутаты Динара Шүкіжанова өз бастамасымен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары