$ 442.05  474.14  4.74

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары