21.02.2024, 17:00

Сенат Төрағасы елшілерді өз тілінде сөйлеуге шақырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

«Түркітілдес мемлекеттердің, бауырлас елдердің саясаткерлері кездескен кезде өз тілінде сөйлегені дұрыс», - деді Сенат Төрағасы.

 

Түркітілдес мемлекеттердің саясаткерлері кездескен кезде өз тілінде сөйлегені дұрыс. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесуде осылай деді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Біз әрине, ағылшын тілінде сөйлессек те болар еді. Бірақ мен өзім түріктерден бауырларым келген кезде немесе өзім барған кезде өз тілімізде сөйлескенді дұрыс санаймын. Өйткені біздің тілдеріміз қалай болса да ұқсас. Түркітілдес мемлекеттердің, бауырлас елдердің саясаткерлері кездескен кезде өз тілінде сөйлегені дұрыс», - деді Сенат Төрағасы.

Айта кетейік, бүгін бүкіл әлем Халықаралық ана тілі күнін атап өтуде.