$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп  Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары