04.03.2024, 16:20

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Нұрлан Ноғаев облыстың негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика бар екенін айта келе, Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспарды таныстырды.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен жүздесіп, өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы әңгімелесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұрлан Ноғаев облыстың негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика бар екенін айта келе, Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспарды таныстырды.

Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.