Лауазымда тез көтеріліп келе жатқанның өзінде бірнеше жағдай көңілде күдік қалыптастырды.
Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Әлихан Байменов өзінің мемлекеттік қызметке, саясатқа одан әрі оппозиция қалай және қашан келгенін. Тәуелсіздіктен кейін қоғамда қандай өзгерістер болды. Мемлекеттік қызметтегілердің қандай түрі болғанын, олар қалай ақшалы болып, қалталарын қампитқанын туралы ол «QASQA JOL» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, демократиялық таңдау қозғалысына келген, соның құрылтайшысы болғандарды 3-4 топқа бөлуге болады.
«Біреулері басынан бастап кәсіпкер болып жүргендер. Олардың не себепті қалталы болғаны түсінікті. Біреуі жекешелендіруге қатысты, купондармен айналысты, солай қалталы болды. Олар нақты бірінші президенттің (ред. Н.Ә. Назарбаевтың) үлкен күйеу баласының қысымын көргендер. Себебі ол нақты бизнесте кейбіреулерге қысым жасады», - дейді ол.
Ал екінші топ - олар мемлекеттік қызметте жүрсе де, түрлі жолмен қалтасын қампитып, жекешелендіруге қатысқан басқа топ.
«Үшінші топ – мемлекеттік қызметте ғана болып, тікелей өздеріне ешқандай қысым көрмеген, бірақ, ахуалдың күрделеніп бара жатқанын түсініп жүргендер. Мен сол үшінші топтың өкілі болдым. Мен мемлекеттік қызметке 1992 жылдың басында келдім. Тәуелсіздік болмаса мемлекеттік қызметте болмас едім. Себебі, оған дейін мен «Ұлытау» қозғалысын құрдым. «Невада-Семейдің» облыстық бөлімшесін құрдым. Сол уақыттың тілімен айтқанда бейресми ұйымдар болып жүріп, содан депутат болып, тәуелсіздіктің арқасында ғана қызметке келгенмін. Лауазымда тез көтеріліп келе жатқанның өзінде бірнеше жағдай көңілде күдік қалыптастырды», - дейді Байменов.