$ 439.4  473.54  4.76

«РФ салатын мектептерге Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді» – СІМ

Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастаған.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда Ресей Федерациясы салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер әкелінбейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ресейдің мектеп салатыны рас. Сіздер оны білесіздер. Бұл мәселе РФ мен Қазақстан мемлекет басшыларының сапары кезінде  талқыланған. Мұның бәрі жазылды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ол – жалған ақпарат, – деді СІМ өкілі аталмыш министрлікте өткен брифингте.

Айбек Смадияров «Ресей есебінен салынатын мектептерге ресейлік педагогтер апарылады» деген ақпаратты ресейлік БАҚ-тың өшіріп жатқанын айтты.

Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастаған. Демек, ол жалған болып шыққан ғой. РФ есебінен мектептер салынады. Алайда бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді, – деді А.Смадияров.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей билігі Қазақстанға орыс тілі пәнінен мұғалімдер жіберуге дайын деген ақпарат БАҚ-та тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары