$ 479.38  531.63  5.27

Ресей билігі Қазақстанға орыс тілі пәнінен мұғалімдер жіберуге дайын

Айта кетейік, ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов 4 наурыз күні Ресейдің үкімет үйіне барды.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мәскеу Қазақстан мектептеріне мұғалім жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Russkiymir.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым дерегінше, Ресей билігі орыс тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында орыс тілі және басқа да пән мұғалімдерін Қазақстан мектептеріне жіберуге дайын екенін айтқан.

Айта кетейік, ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов 4 наурыз күні Ресейдің үкімет үйіне барды.

Ресей премьерімен кездескен Олжас Бектенов гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін ілгерілету мәселелерін талқылаған болатын. Ресей үкіметінің басшысы екі мемлекет тығыз мәдени және гуманитарлық қатынастармен байланысты екенін де айтты.

Одан бөлек білім саласының мамандары да кездесті. Ресейдің Оқу-ағарту министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде Ресейдің Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыруға қатысты бірқатар мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында «кәсіпқойлық» федералдық жобасын іске асырудағы ресейлік тәжірибені зерделеудің нәтижесінде кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Ресей тарапы орыс тілі мен орыс тіліндегі оқу пәндерінің мұғалімдерін Қазақстан мектептеріне жіберуді ұсынды.

Сөз соңында Михаил Мишустин қазақстандық тарапқа орыс тілін дамытып жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары