$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай тасымалдау мерзімін тағы 10 жылға ұзартады

Транзит көлемдері, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңарту көзделеді. Ресей мұнайы жылына 10 млн тонна көлемінде белгілі бір бағытта магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ұзақ мерзімді тасымалданбақ.

Фото: ҚазТрансОйл
Фото: ҚазТрансОйл

Қазақстан мен Ресей Федерациясы Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау мерзімін тағы 10 жылға ұзартады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Мәжіліс Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат 2023 жылы 16 маусымда Санкт-Петербургте жасалған.

Хаттамаға келісімді жүзеге асыру үшін құзыретті органдарды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарапынан – Энергетика министрлігі, Ресей тарапынан – «Роснефть» мұнай компаниясы» қоғамдық акционерлік қоғамы.

Келісімді жүзеге асыру Қазақстанға Ресей мұнайын алмастыру арқылы өз мұнайын сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ресей мұнайын Қазақстан арқылы тасымалдаудан жыл сайын ел бюджетіне  қаржы түсетін болады. Бұдан бөлек Павлодар мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты да жүктеледі.

Транзит көлемдері, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңарту көзделеді. Ресей мұнайы жылына 10 млн тонна көлемінде белгілі бір бағытта магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ұзақ мерзімді тасымалданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары