$ 494.87  520.65  4.91

Каспий жағасынан 62 итбалық өлі табылды

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасын алды. 

Фото: Ақтау 112
Фото: Ақтау 112

29 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында өлі итбалықтардың ұшасын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасын алды.

2024 жылдың 29 наурызында сағат 15-00-дегі жағдай бойынша 62 өлі итбалық өлекселері табылды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары