$ 494.87  520.65  4.91

Энергетика министрі жалған ақпарат таратқан БАҚ-тан кешірім талап етті

Алайда ведомство басшысы қай БАҚ-тың кешірім сұрауы керегін нақтыламады.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының алдында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистер министрден:

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев таяуда берген сұхбатында атом электр станциясына байланысты референдум жыл соңында өткізілуі мүмкін екенін айтты. Бұл қаншалықты рас ақпарат? – деп сұрады.

Сұраққа жауап берген Сәтқалиев референдумның өтетін уақытына қатысты БАҚ-та жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.

Бұқаралық ақппарат құралдарында әрдайым “Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты” дегендей ақпараттар жиі шығады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін! Себебі мен “заңнамаға сәйкес” деп сөйлеп, халықтың талабы мен жігері ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес, референдум өткізумен айналысамыз, – деп жауап қайырды Сәтқалиев.

Алайда ведомство басшысы қай БАҚ-тың кешірім сұрауы керегін нақтыламады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары