$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында көлік жүргізушісі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді

Үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысы Іле ауданында автокөлік жүргізушісі жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде "Бүркіт-35" экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше асырынуға тырысты, салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары