06.06.2024, 11:40

Жуырда Путин Астанаға келмек

Фото: pixabay.com

Ақорданың хабарлауынша, форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар.

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресей басшысы Қазақстанға сапары туралы Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу барысында айтты.

«Таяуда Астанаға барамыз, онда ШЫҰ саммиті және басқа да шаралар болады, мені шақырды, шақыруды қабыл алдым», – деді Владимир Путин.

Еске салсақ, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін жазғанбыз.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымын қарастырады.

Ақорданың хабарлауынша, форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар.