Біздің ата-бабамыз зауыттан еңбектеп тапқан ақшалары, оның бір пайдасын да көрмей олар суық жерде жатыр.
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила біздің елге де марқұм ресейлік шенеунік Владимир Жириновский сияқты депутат керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Біздің Парламентте де, дәл осылай айта алатын, Жириновский сияқты жай айтып қана қоя салмай,талап етіп, орындата алатын депутат керек-ақ!», — деп ресейлік шенеуніктің видеосын жариялады.
Жазба авторы жариялаған видеода марқұм депутат «Шокин мырза, барлығың Кремльде жиналып, бізде триллион рублей. Барлық шот, депозит. 99 пайызын алып, мемлекеттік қазынаға салыңдар. Өздеріңе 2 бөлмеден қалдырыңдар, болды. Сендерге жетеді. Айлықтарың 50 мың болуы керек. Сол жеткілікті. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар. Ол сендердің ақшаларың емес. Біздің ата-бабамыз зауыттан еңбектеп тапқан ақшалары, оның бір пайдасын да көрмей олар суық жерде жатыр. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар», — деген.