$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды

2010 жылдан «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған. 

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қуанышбек Бақытбекұлы 1975 жылы 10 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.

2001 – 2002 Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын Менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.

2010 жылдан «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

2019 жылдың 25 қаңтарында "Кселл" АҚ директорлар кеңесінде;

2022 жылғы 16 наурызда "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қуанышбек Есекеев басқарма төрағасы қызметіне сайланды;

2022 жылғы 24 мамыр – Қуанышбек Есекеев "Кселл" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан мерзімінен бұрын шығарылды;

"Қазақтелеком" басшысы 2022 жылғы 23 мамырда "Мобайл Телеком-Сервис" байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары