$ 464.72  496.32  5.4

«Блогерлерді де жауапқа тартамыз»: Депутат дін туралы заңға түсініктеме берді

Заң жобасы күзгі сессияда қабылданады.

Фото: qaz365.kz
Фото: qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "Дін туралы" күзде қабылданатын заң қандай мүмкіндіктерге ие екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" заң жобасы жасалып, дайын тұр. Қазір құжат тиісті мемлекеттік органдардың арасында келісімде жүр. Өйткені заңды мәжіліс шығарғанымен, оны орындайтын мемлекеттік органдар. Сондықтан олар қандай да ведомствоаралық қайшылықтар тумас үшін реттеу жұмыстар жүргізіп жатыр. Аталған заң жобасы күзгі сессияда қабылданбақ, - деді Ермұрат Бәпи "Ардагерлер Ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің пленумынан соң.

Мәжіліс депутаты елімізге ұлттық мемлекетке бағыттау жөнінде үлкен саясат керегін айтады.

Қазір бұл жұмыстар басталып жатыр. Біз мемлекеттің ұлттық нышанын, ұлттық бет-бейнесін мемлекеттік компания ретінде жүргізуге тиіспіз. Соның нәтижесінде еліміз тәлім мен тәрбие мәселесін де реттейді. Онымен қоса, соның ішінде ұғындыру, түсіндіру жән түйсік мәселелері шешілмек. Сондықтан ауқымды мемлекеттік шара пәрменде жүруі керек деп білемін. Сол кезде ғана біз діни шиеленіс мәселесін шеше аламыз. Жаңа заңның ішінде тиісті нормалар бар. Егер сол нормалар талқылау барысында қабылданса, еліміз көптеген деструктивті ағымдар мен секталарға тыйым сала алады. Мәселен, сондай деструктивті ағымдағы идеология азамат (еск-блогер) дәріптейтін болса, ал ол ұлттық мүддемізге қарсы келетін болса, азамат жауапқа тартылады, - деді Ермұрат Бәпи. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары