$ 494.87  520.65  4.91

Ақордаға Корея Республикасының Президенті келді

Мәртебелі мейманның елімізге мемлекеттік сапары басталды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ақордаға Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді. Екі ел басшылары бір-біріне министрлерді таныстырып, одан соң президент оркестрі екі мемлекеттің Әнұранын орындады.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль келіссөз жүргізіп, қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтіледі.

Айта кету керек, 11 маусым күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президентін Премьер-Министр Олжас Бектенов әуежайдан күтіп алған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары