28.06.2024, 15:20

Президент жанындағы комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты

Фото: kursiv.media

Бұл туралы Мәжіліс депутаты әлеуметтік желіде мәлім етті.

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президенттің атына кешірім беруге өтініш білдірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Facebook парақшасында Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтінін жазды.

Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты, - деп жазды депутат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады – ҰҚК

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады