$ 494.87  520.65  4.91

«Тоқаевтың өзі «сен мынаның бәріне кіріс» деп айтуы мүмкін»: Ермұрат Бәпи Смайыловқа қандай үміт артып отыр? (ВИДЕО)

Әлихан Смайылов ҚТЖ мәселесі жөнінде есеп беруінде лауазымды тұлғалармен, Үкімет басшысымен тіпті Президентпен келісім болып, тіпті осы тараптардан да тапсырма болуы мүмкін.

Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары қалай жүріп жатыр? Осы іспен айналысып жатқан комитеттің олигархтарға күші жете ме? Мүлікпен қайтару жай ғана көзбояушылық емес? Осы сынды елді мазалап жүрген түйткілді мәселенің мән-жайын активтерді қайтару туралы заңның бастамашыларының бірі болған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Qasqa Jol бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама басында жүргізуші Жамбыл Зейнолла Ермұрат Бәпиден журналист ретінде Айдос Садықовқа жасалған қастандық жайлы пікірін сұрады.

Депутаттың айтуынша, Айдос Садықов саяси тұлға, саяси күш ретінде Қазақстан билігіне қатері жоқ адам.

«Оның артында партия немесе қозғалыс жоқ. Ол жалғыз өзі жортып жүрген жолбарыс сияқты. «Бәсе» ютуб-каналының жазылушылары көп, танымал арна мүмкін сол жағанына билікке бір алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Билікке Айдос Садықовтың көзін жою керек болып тұрса, оның өзіне қастандық жасау қажет емес. «Казтелеком» провайдері алады да «Бәсеге» фильтр қойып тастайды. Ол тарихта бар дүние... Биліктің қолында тұтқалар көп. Тіпті, хакерлік шабуылмен де тұншықтыруға болады. Ал, дәл Айдостың жағдайында билік тарапынан өрескел әрекет болды деп айта алмаймын. Логикаға келмейтін дүние. Менің ойымша, ол біраз олигархтардың жолын кесіп кетті. Сол тұрғыдан кек алатын, қарымта қайыратын күштердің әсері ме деген ой келеді», - деді Ермұрат Бәпи.

Ол бұл іске басқа елдердің мүдделі болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Қазақстан мен екінші күштердің соғыстырып қоюдың әрекеттері де болуы мүмкін. Бұл жерде Украинаны да естен шығаруға болмады, оның да мүддесі бар. Қазақстанды Ресей соғысына тарту. Шығыс жақтан екінші майдан ашса Ресейдің күштері екі жаққа бөлінуге мәжбүр болады. Осы тұрғыдан мүдделілік болуы мүмкін. Тіпті Ресейдің әрекеттері болуы мүмкін. Бұл жерде түрлі нұсқалар бар», - деді депутат.

Сонымен қатар «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасының бастамашысы, сол топтың мүшесі болған Ермұрат Бәпи осы тақырыпты кеңінен тарқатты.

Заңның қабылданғанына бір жыл ғана болған. Оның жарты жылы Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің құрылуына кетті.

«Активтерді қайтару мәселесін көпке созуға болмайды. Осы жарты жылдың ішінде бәрі дүркіреп жүріп кетті деуге келмейді. Екі триллион теңгеге жуық актив қайтты дейді. Оның өзі 1 трлн-ға жуығы «Қазақстан халқына» қорының ақшасы болуы мүмкін. 1,5 трлн бұл өте аз. Бірақ ол 40 адамдық қана комитет өзі. Қайбір бәрін атқарып тастады деп ойлайсың. Менің ойымша, клептократтар болсын активтерді заңсыз шығарған тұлғалармен мәмілелі әңгіме жүргізу керек. Өзің қайтарасың, осынша уақыт береміз. Қайтармасаң «әкеңді танытамыз» деген тұрғыда әңгіме жүріп жатыр. Соттасып, ондай ерегеске кетсек, ол ұзақ жылға созылады. Ал, қазына қаражат қазір қажет. Активтерді қайтаруда уақытынан кешікпеуіміз керек. Уақыт созылған сайын активтер құмға сіңген судай болып кетіп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ депутат ҚТЖ мәселесіне тоқталды. Ол бұл жауыр болған тақырып екенін айтып, Мәмин кеткеннен бастап туған мәселе деп түсіндірді.

«Ескі Қазақстанның», Назарбаевтың кезінде бұл мәселенің көтерілуіне көп мүмкіндік берілмеді. Соның өзінде КТЖ-ны басқарған Мәминнің артында 12 млрд доллар қарыз қалды деген ақпарат шыққан. Ол бір жерде ғана айтылған жоқ барлық жерде, ашық таралған ақпарат», - деді депутат.

Оның айтуынша, бұл істің барлығын аудиторлық деңгейде тексеру керек.

«Осы ҚТЖ да сөз болып қалмай, ары қарай сол Жоғарғы аудиторлық палатаның есебінің негізінде тиісті мемлекеттік, тергеу органдарының, прокуратураның барлығы қосылса нәтижесі бар деген сөз.

Әлихан Смайылов ҚТЖ мәселесі жөнінде есеп беруінде лауазымды тұлғалармен, Үкімет басшысымен тіпті Президентпен келісім болып, тіпті осы тараптардан да тапсырма болуы мүмкін. Тоқаевтың өзі «сен мынаның бәріне кіріс» деп айтуы мүмкін. Мен солай деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан ишара болса, бүкіл ел бойынша квазимемлекеттік секторлардың барлығын қопару басталу керек», - деді Ермұрат Бәпи.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары