$ 494.87  520.65  4.91

Астана саммиті: Путин мен Ердоғанның кездесуі Украинадағы соғыстың аяқталуына сеп бола ма?

Соңғы рет президенттер 2023 жылы Сочиде кездескен.

Фото: cdnn1.ukraina.ru
Фото: cdnn1.ukraina.ru

Елордада 3-4 шілдеде Астанада жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшылары бас қосады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран елдері мүше.

Саммитке жалпы 16 мемлекеттен делегация келеді. Ұйымға мүше және бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерді талқыға салады.

Соның ішінде Түркия Президенті Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің келуі көпшілікті елеңдетіп отыр.

Бұған дейін Ресей басылымдары Путиннің Ердоғанға хабарласып, Астанада жабық кездесу өткізуге ұсыныс айтқанын жарыса жариялаған болатын. Түркия Президенті мен Ресей Президенті екі ел арасындағы сауда-саттықтан бөлек Украинадағы соғыс жайында сөз қозғайды деп болжануда.

Айта кетейік, 25 маусым күні екі ел басшысы телефон арқылы хабарласқан болатын.

Одан әрі 3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында жеке кездесу келісілді, - делінген РФ президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы рет президенттер былтыр, 2023 жылы қыркүйекте Сочиде жеке кездескен. Кездесу барысында Ресей жағы санкцияға байланысты Еуропаға өтпей жатқан астықты Түркияға өткізуді келісті.  Сондай-ақ Түркия арқылы кедей елдерге тегін тасымалдауды ұйымдастыру жағын сөйлескен болатын.

Ресей Федерациясы «Қара теңіз бастамасы» атанған келісімнің жүзеге асуы үшін Түркия тарапына бірнеше шарт қойған еді. Олар: Россельхозбанкті SWIFT-ке қайта қосу, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді жеткізуді қалпына келтіру. бөлшектер, сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша шектеулерді алып тастау, порттарға кіруге тыйым салуды алып тастау, аммиак құбырының Тольятти - Одесса жұмысын қалпына келтіру.

Бұл жолғы кездесудің күн тәртбінде осы келісімнің қаншалықты тиімді жүріп жатқаны талданатын сығайлы. Мұны Түркиядағы Haberturk телеарнасы маусымның 20-сы күні екі мемлекет басшылары кездесуінің күн тәртібінде сондай-ақ Қара теңіз астығының бастамасы, Аққую атом электр станциясының құрылысы, газ орталығы және т.б. болады деп мәлім еткенінен байқауға болады.

Сондай-ақ телеарна Путин мен Ердоғанның ШЫҰ саммитінде Украина дағдарысын талқылауға ниетті екенін хабарлады.

Осы жылдың 8-наурызында Режеп Тайып Ердоған Стамбулда Украина Президенті Владимир Зеленскийді қабылдаған болатын. Кездесуде Түркия басшысы Украина мен Ресей Федерациясының бейбіт келіссөздер арқылы өзара келісімге келуі қажеттігін айтып, өз елінде арнайы саммит ұйымдастыруға ниетті екенін білдірген болатын.

Ал 2023 жылдың шілдесінде Түркия мен Украина басшылығы әскери дрондардың бірлескен өндірісін жүзеге асыру жайында меморандумға қол қойған болатын. 2024 жылдың ақпан айында Түркияның  Baykar қорғаныс компаниясы Украина жерінде атышулы Bayraktar TB2 және TB3 әскери дрондарын дайындайтын зауыттың құрылысын бастаған еді.

Десе де, Түркия көктемнің басында В.Зеленскиймен бірге өткізген баспасөз жиынында «Түркия Ресейдің қатысуымен бейбіт саммит өткізуге шаралар қабылдауға дайын» екенін мәлімдеген болатын.

Осылайша екі елді бейбіт шешімге келуге атсалысуға ниетті екенін ашық айтқан-ды.

Мұнан біз ШЫҰ Астана саммитінде тарихи келісімнің жүзеге асуы ықтималдығын болжай аламыз. Ердоған мен Путин екеуара кездесуде бұл мәселенің қозғалатыны сөзсіз. Осы кездесудің нәтижесінде Түркияда Украина мен Ресейдің қатысуымен өтетін бейбіт саммиттің болып-болмайтыны белгілі болады.

Айта кетейік Украинадағы соғыс 2021 жылы басталған болатын. Еуропалық саясаткерлер мен сарапшылар соғыстың 2025, тіпті 2026 жылға дейін созылу ықтималдығын болжаған еді.

Ал Ресей Президенті Офисінің басшысы Андрей Ермак 2023 жылы Наталья Мосейчукке берген ютуб арнасындағы сұхбатында «Украина соғыстың 70% өтті. Енді қалған соңғы дистанция ең ауыры болады» деген еді.

Сондай-ақ Андрей Ермак АҚШ-қа барған іс-сапарында «2024 бетбұрыс  (переломный) жылы болатынын» айтқан-ды.

Ендеше ШЫҰ Астана саммитінің аясында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты бейбіт келісіммен аяқтау жөнінде маңызды шешім қабылдау ықтималдығы басым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары