$ 494.87  520.65  4.91

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.

Фото: ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі
Фото: ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. 

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары