03.07.2024, 18:20

ШЫҰ саммиті: Астанаға қай елдің басшылары келді?

Фото: Ukimet телеграм каналы

Қонақтарды Премьер-Министр Олжас Бектенов күтіп алды.

 

 

 

 

 

Бүгін елорда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін арнайы келіп жатқан қонақтарды күтіп алуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанаға ең алдымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келді.

Одан кейін Орта Азиядағы көршілес елдердің басшылары келді.

Қонақтарды Премьер-Министр Олжас Бектенов күтіп алды. Атап айтар болсақ, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты елордалық әуежайда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.

Сондай-ақ Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Сондай-ақ Астанаға Қатар Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді.