02.08.2024, 18:00

Француз тілінде еркін сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілікті таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Президент қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін жетік меңгерген. 

Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессомен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін француз тілінде бастады. Кездесу барысындағы видео президенттің телерадиокешенінде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

“Президент мырза, ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қуатты серпін береді. Сіздердің елімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Біз бейресми және ашық жағдайда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық жағдайдың кейбір өзекті мәселелерін талқыладық. Президент мырза, мен екі ел арасындағы қарым-қатынастан үлкен әлеуетті көріп отырмын. Ал біздің үкімет оны жүзеге асыруға күш салады”, – деді Тоқаев. 

Еске сала кетейік, Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келді.