11.08.2024, 15:30

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.